«Қызылжар» командасына бас бапкер тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Петропавлдың «Қызылжар» футбол командасына бас бапкер болып молдовалық маман Вячеслав Руснак тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вячеслав Руснак 1975 жылы Молдованың Бельцы қаласында дүниеге келген. Спорттық мансабын 1992 жылы жергілікті «Олимпия» командасында бастады. 2004-2010 жылдарда Қарағандының «Шахтер» командасының намысын қорғады.

2011 жылдан бері бапкерлікпен айналысып келеді. Соңғы қызмет еткен орны - Молдованың «Милсами» командасы. Аталмыш клуб 2017 жылы өз елінде күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, «Қызылжар» командасының бапкерлер құрамына Юрий Чухлеба, Андрей Мацюра, Александр Петухов және Александр Кучма кірді.

«Қызылжар» былтыр бірінші лигада сынға түсіп, бірінші орын алды. Нәтижесінде биыл Премьер-лигада бақ сынауға мүмкіндік алды.

Бұдан бұрын Али Алиевтің «Қызылжар» командасындағы бас бапкер қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.



Фото: footballhd.ru

Соңғы жаңалықтар