«Қызылжар» ел біріншілігінде алғаш рет ұпай жоғалтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында петропавлдық «Қызылжар» алғаш рет ұпай жоғалтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдық клуб өз алаңында ақтаулық «Каспий» командасын қабылдады.

Ел біріншілігінде «Қызылжар» сәтті ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін алты кездесудің барлығында жеңіске жетіп, турнир кестесінде 18 ұпаймен көш басында тұрған еді.

Ал қатарынан бес мәрте жеңіліп, өткен турда алғаш рет үш ұпайға ие болған «Каспий» соңғы орынның бірін місе тұтты.

Бүгінгі кездесуде петропавлдық команда алғашқы минуттарда жинақы қимылдай білді. Нәтижесінде 3-минутта «Қызылжар» сапынан Тамаз Макацария есеп ашты. Ал 19-минутта олардың қақпасына пенальти белгіленді. Оны Алексей Залеский мүлтіксіз орындады.

Осылайша «Қызылжар» біріншілікте алғаш рет тең түсіп, ұпай жоғалтты. Соған қарамастан турнир кестесіндегі бірінші орынды сақтап қалды.

Енді 17:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары ойнайды.

Ал 23 сәуірде «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Шахтер» (Қарағанды), «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе», «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент). «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» командалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар