«Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қандай мәселелерді шешеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы 79 мемлекеттік мекеме ашық форматта жұмыс істейді, ал 95 басшы бірінші қабатта азаматтарды қабылдау бөлмелерін ашты. Бұл туралы СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов.Antikor.live жобасының эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдіктердің ашық форматта жұмыс істеуінің жағымды тұсы көп. 9 әкімдік осы қағида бойынша жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 4 әкімдік ашық форматқа ауысады деп жоспарлап отырмыз. Адамдар қызмет алу үшін қаншама есік қағып, кеңселердің табалдырығын тоздырмайтын болады. Әкімдіктердің бірінші қабаттарында жер мәселесі, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу бойынша ең қажетті қызметтерді көрсете алатын бұрыш жасалады.

Мен Петропавл қаласы әкімдігінің табысты жұмысына тоқталып өткім келеді. Шынында да, адамдар билет алып, өз кезегін күтіп тұрады. Бұл өте ыңғайлы. Мен тұрғындармен сөйлестім, олар да осы жолмен қызмет алудың ыңғайлылығын атап өтті. Сонымен қатар, біз ауылдарда да ашық форматта жұмыс істейтін әкімдіктер ашуды жоспарлап отырмыз», - дейді Ғани Нығыметов.

Оның айтуынша, 79 мемлекеттік мекеме осындай ашық жұмыс форматына көшкен. 95 басшы бірінші қабатта азаматтарды қабылдау бөлмелерін ашқан. Ол үшін арнайы бөлек бөлме бөлінген.

«Өкінішке қарай, карантинге байланысты қазір құжат қабылдау, құжат беру онлайн режимінде жүргізілуде. Алайда, жағдай тұрақтанғаннан кейін бәрі бұрынғыдай жұмыс істейді деп сенемін. Тағы бір жаңалық - Агро Көмектің ашылуы. Ауыл шаруашылығы басқармасында «бір терезе» қағидаты бойынша фермерлер мен кәсіпорындар қызмет ала алатын орын жасалады«, - деп атап өтті ол.

Әңгіме барысында облыс әкімінің орынбасары «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қандай мәселелерді шешетінін жеткізді.

«Айта кету керек, «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жолдардың сапасына ерекше назар аударады. Жолдар жөнделіп, жаңа жолдар салынуда. Көшелерді жарықтандырып жатырмыз, жол құрылысы мен құрылыс жұмыстарын қадағалаймыз. Сондай-ақ, жер бөлу мәселесіне ерекше назар аударылады. Жаңа үйлердің құрылысына қомақты қаражат бөлінуде. Сонымен қатар, қаржының қалай бөлінетінін, құрылыс жұмыстары қалай жүретінін арнайы бақылау қажет. Осыған байланысты қоғамдық бақылау құру керек. Бұл топ көпшілік үшін ашық форматта жұмыс істейтін болады. Кез келген тұрғын бізбен байланысып, өз көзқарастарын білдіре алады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл тек құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен бірге қоғамдық жүйе мен мекемелердің жұмысы. Бұл құндылықтарды қалыптастыру бойынша үлкен идеологиялық жұмыс« - дейді Ғани Нығыметов.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында «Халықтық бақылау» порталы іске қосылғанын айта кету керек, онда тұрғындар түрлі сұрақтар мен өтініштерге жүгіне алады.

«Жыл басынан бері 116 өтініш келіп түсті. Барлық сұрақтар уақытында қарастырылған. Карантин шаралары жеңілдегеннен кейін облыс әкімі тұрғындарды қабылдау тәжірибесін қайта бастайды. Тұрғындарды автобус қызметі, сумен жабдықтау, жолдар, электр энергиясы мәселелері толғандырады. Сонымен қатар, біз инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелерді мүмкіндігінше шешуге тырысамыз. Биыл 270 елді мекенде жолдар, мектептер, ауруханалар жөнделуде, жарықтандыру және сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде», - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар