Қызылорданың үш ауданы еккен күріш Қазақстан нарығын түгел қамтиды – Қырымбек Көшербаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы бір жылда Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 48 пайызға, ал күріш экспорты - 53 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі  Қырымбек Көшербаев  ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Қызылорданың үш ауданы жинаған 360 мың тонна күріш тұтас Қазақстан нарығын қамти алады. Ал біз биыл 500 мың тонна күріш жинадық. Қалған күрішті Иранға тасымалдау біз үшін өте тиімді. Себебі Иран - жылына 3 млн тонна күріш импорттайтын ел. Ондағы күріштің бағасы біздікінен 10 есе қымбат», - деп түсіндірді өңір басшысы. 

Әкімнің хабарлауынша, осы аптада Қызылорда кәсіпкерлері Иранға сапарлайды. Онда Иран ауылшаруашылығы министрлігімен келіссөздер жүргізіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында ұзақ мезімді келісімге қол қоюды жоспарланған.

Сонымен бірге, облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін сату нарығын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда,  жылына Қытайға жылына 5 мың, Түркияға 1 мың және Иранға 8 мың тонна күріш жіберу бойынша келіссөздер жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар