Қызылорданың «Тасбөгет» гидробекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы маңындағы «Тасбөгет» гидробекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тасбөгет» гидробекетінде Сырдария суының қауіпті деңгейге жетуіне 36 см қалған. Қазіргі деңгей - 704 см, қауіпті деңгей - 740 см.

«Осыған байланысты 9-11 қаңтар аралығында су бұдан әрі көтеріліп, өзен жағасына тарауы мүмкін», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар