Қызылорданың сол жағалауы Астана үлгісімен салынып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада қаланың жаңа бөлігінің құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың сол жағалау бөлігін игеру мемлекеттік-жеке әріптестік тетігі бойынша жүргізіледі.

«Жақында Мемлекет басшысы Қызылордаға келді және Астана үлгісімен қарқынды дамып келе жатқанымызға куә болды. 15 шағынауданнан тұратын қаланың жаңа бөлігі бой көтереді. Алғашқы шағынауданның құрылысы басталып кетті», - деді Көшербаев баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қызылорданың сол жағалауында 18 қабатты үйлер, жастар орталығы, университет қалашығы және өзге де маңызды нысандар тұрғызылады. Жаңа жылға дейін алғашқы нысан - 320 орындық балабақшаны пайдалануға беру жоспарланған.

Жалпы қала бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде кәсіби-техникалық білім беру, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы салаларындағы 22 млрд теңге болатын 29 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар