Қызылорданың орталығы апат салдарынан сусыз қалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының орталығында су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан орталықта су беру тоқтатылған.

«Су тарату жүйесінде (Жібек жолы мен Әжіқожа көшелерінің қиылысы) орын алған ақау салдарын жою, қалпына келтіру мақсатында Су жүйесі бригадасы жұмылдырылып күшейтілген режимде жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, сол себепті қала орталығында уақытша су беру тоқтатылған», - делінген әкімдіктің Фейсбуктегі парақшасында.

Әкімдік уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұрай отырып, Титов, Гагарин, Комсомол, Шанхай мөлтек аудандарында ауыз су ажыратылмағанын хабарлады.

 

 

Соңғы жаңалықтар