Қызылорданың қамысы Германияға экспорттала бастады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жергілікті аймақта өсетін қамыс биыл Германияға экспортқа шығарыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, аталған мемлекетте қамыс үйлердің шатырына арналған тоқыма себетін жасауға пайдаланылады. Бұл өнім биыл алғаш рет экспортқа шығарылған. Бүгінгі күнге дейін 122,1 тонна Германияға жіберілген.
Астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік - қамыс жер шарында кеңінен таралған. Тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді. Қазақстанда жерасты суы жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні - кәдімгі қамыс немесе құрақ. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады. Одан химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады.
«Қызылорда облысынан жыл басынан бері 13,9 млн долларды құрайтын 38,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Ол былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 116,7 пайызға артты. Шетелден балық, күріш, бидай қалдығы, қамыс өнімдеріне сұраныс жасалды. Облыста өндірілетін өнімдер Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Польша, Германия, Литва және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.
Бұдан бұрын Сыр өңіріндегі «Әр отбасы мүшесі үшін үш талдан егу» акциясы нәтижесін беріп жатқанын хабарлаған едік.
- Қызылордада қалың қар жауып, көлік қозғалысына шектеу қойылды
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Қызылорда облысында 227 бала коронавирус жұқтырған
- Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған
-
Қызылорда облысында салықтан жалтарған кәсіпкер мемлекетке 136 млн теңге шығын келтірген
-
Қызылорда облысында 134 дәріге шекті баға енгізілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам