+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Қызылорданың емдеу орындарында ас мәзірі талапқа сай емес

2019 жылғы 7 сәуір 09:22
Бөлісіңіз:
Қызылорданың емдеу орындарында ас мәзірі талапқа сай емес

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы кейбір емдеу орындарындағы асханаларда науқастарға берілетін ас мәзірі талапқа сай емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл келеңсіз көріністер «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мүшелерінің мониторинг жасау барысында белгілі болды. Жоба мүшелері облыс орталығындағы медициналық ұйымдарда және облыстың Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы аудандардағы емханаларда қоғамдық мониторинг шараларын атқарды.

«Облыста «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, тұрмыстық жемқорлықты жою мен оның алдын алу бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Мамандар алдыңғы кезекте денсаулық сақтау саласында біршама жұмыстар атқарды. Нәтижесінде осы салада тұрмыстық жемқорлық тәуекелдері анықталды», - деді «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов.

Кейбір ауруханаларда айға жуық етсіз, кондитерлік өнімдерсіз, жеміс-жидексіз отырғандығы анықталды. Сонымен қатар, мониторинг барысында мемлекеттік сатып алумен алынған пастерленген сүт, қатық өнімдері талапқа сай келмеген.

Сондай-ақ, науқастарға ем-шаралар кезінде бір рет пайдаланылатын қолғаппен бірнеше науқастарға қызмет көрсетуге пайдаланылған. Бір реттік төсеніштер де бірнеше мәрте қолданылған.

Бұдан бұрын Қызылордада жалған санитарлық кітапша жасау дерегі анықталғанын хабарлаған едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT