Қызылордалықтардың тұтынған газға берешегі 1 миллиард 246 млн теңгеге жетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында пайдаланылған газ ақысын төлемеген тұрғындар саны артқан. Қазір тұтынушылардың жалпы берешегі 1 миллиард 246 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылыту маусымы аяқталуына байланысты және келесі жылыту маусымының алдында дайындық ретінде, қарызды жинау мақсатында, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы қарызы бар тұтынушыларды газ жабдықтау жүйелерінен ажыратуға мәжбүр болып отыр. Өйткені тұтынушы түбіртекке сәйкес пайдаланылған газдың ақысын келесі айдың 25-не дейін төлеуі керек. Өз тарапымыздан әрдайым тұтынушыларға газ жеткізушіден тез арада төлем жасау туралы және газ жеткізуді шектеу мүмкін екені туралы ескертулер үнемі беріледі.Алайда хабарламалар жиі еленбейді», - деді «Казтрансгаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ермек Қалдығұлов.

Газ есептегіш құрылғыларын күтіп ұстауға және уақытылы тексеруден өткізуге меншік иесі жауапты. Газ есептегіш құрылғыларын тексеру, құрылғының шығарылған күнінен бастап, аралық тексеруге сәйкес жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар