Қызылордалықтар Денис Тенді еске алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қапыда қаза тапқан мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске алу мақсатында Қызылорда қаласындағы «Мұз сарайында» арнайы шара өткізілді. Оған қатысушылар саңлақ спортшыны еске алып, оның құрметіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыр өңірінің тұрғындары Денис Теннің жарқын бейнесін сағынышпен еске алады. Қазақстан мәнерлеп сырғанау өнерінде оның қол жеткізген биігі ерекше. Бүгінгі күнге дейін спорттың аталмыш түрінен Олимпиада төрінде атойлап көзге түскен ешкім болған жоқ.

Қызылорда қаласында өткен аталмыш шара барысында жергілікті жұртшылық осындай лебіздерін білдірді. Соңғы жылдарда Сыр өңірінде мәнерлеп сырғанау спорты дамып келеді. Сол жас өрендердің шеберлігін арттыруға Денис Тен ақыл-кеңесін беріп, үнемі қолдау білдіріп жүретін.

«Небәрі 25 жасына дейін толайым табысқа кенеліп үлгерген саңлақтың жарқын істері бүгінгі ұрпаққа үлгі болады. Оның есімі жадымызда мәңгіге сақталады», - деді №4 облыстық олимпиадалық резеревтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Алексей Ильин.

Шара барысында жергілікті жұртшылық даңқты спортшының бағындырған белестерін ешқашан ұмытпайтынын жеткізіп жатты.   

Соңғы жаңалықтар