Қызылордалықтар Арысқа гуманитарлық көмек жіберді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалықтар Арыстағы төтенше оқиғадан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азық-түлік және басқа да қажетті заттармен автокөліктер Арыс қаласына жолға шықты. Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөліміндегі төтенше жағдайға байланысты қызылордалықтар қол ұшын созды.

Қызылорда тұрғындары Қызылорда облысынан 15 тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық және 1,5 тонна сүт Арыс тұрғындарына жіберді. Бұл өнімдерді облыстағы «Абзал и К» толық серіктестігі, Ақтөбе және К», «Абай Дәулет», «Жан Арай», «Жаңажол», «Сыр маржаны» және «Түгіскен ТШ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Ақжарма 2», «Ақмая», «Төңкеріс К» шаруа қожалықтары секілді ауылшаруашылық тауар өндірушілері қамтамасыз етті.

«Бұл - қызылордалықтардың Арыстағы ағайындары үшін бір түн ішінде жинаған гуманитарлық көмегі. Ол әлі жалғасуда, облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылды. Штаб зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастырумен айналысады. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында Арыс тұрғындарына көмек қабылдау пункті ашылды. Алдағы күндері тағы да осындай көмек түрлерін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, бұл зардап шеккендерді қолдау үшін жиналған қазақ халқының бірлігінің дәлелі», - деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес.
null

Сондай-ақ, Сыр өңірінде жергілікті атқарушы органдардың 2000-нан астам мемлекеттік қызметшісі жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аудармақ.

Бұдан бұрын Қызылордада Арыстағы төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы теміржол станцияларында кідірген жолаушыларға түрлі көмектер көрсетілгенін хабарлаған едік.

null

Соңғы жаңалықтар