Қызылордалық жолаушылар Мәскеуге ұшақпен тікелей қатынайды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 16 шілдеден бастап Қызылордадан Ресей астанасы - Мәскеу қаласына қатынайтын жаңа әуе бағыты өз жұмысын бастайды. Ұшақтар аптасына 4 рет - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері ұшады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

Әуе тасымалы «Аэрофлот» компаниясының А-320/321 «Эйрбас», «Boeing-737» ұшағымен жүргізіледі. Сонымен қатар,  «Байқоңыр-Қызылорда (әуежай)»  трансфері дайындалады.

«Биылғы жылдың мамыр айында «Қорқыт ата» әуежайының қызметкерлері «Авиациялық аэрофлот мектебінің» мамандарынан арнайы оқудан өтіп, А320/321 әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету даярлығын тексеруден өткізді. Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Байқоңыр қаласының әкімшілігімен әуе бағытының жұмысын жандандыру мақсатында әуежайға баратын автобустар мәселесі туралы жұмыстарды атқарды. «Аэрофлот» компаниясы арқылы ұшу басқа әуе компанияларымен салыстырғанда біршама арзан», - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.

Айта кетейік, бүгінде алғашқы рейс билеттерінің басым бөлігі сатылып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар