Қызылордалық жігіт әлеуметтік желіде танысқан қызды достарымен келіп тонап кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық жігіт әлеуметтік желіде танысқан қызды достарымен келіп тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына әйел азаматша хабарласқан. Онда белгісіз азаматтың оның үйіне келіп, қорқыту арқылы ұялы телефоны мен ақшасын тартып алып кеткені айтылған.

«Азаматша әлеуметтік желіде бір азаматпен танысып, оны үйге шақырған. Арада 30 минуттай өткенде үйге танысқан жігіт пен оның досы келген. Артынан тағы екі азамат кіріген. Төртеуі қызды қорқытып, телефоны мен ақшасын тартып алып кеткен», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) тіркелген. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Соңғы жаңалықтар