+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Қызылордалық жеткіншектерге «Өлкетану» курсы оқытылады

2017 жылғы 3 қазан 16:27
Бөлісіңіз:
Қызылордалық жеткіншектерге «Өлкетану» курсы оқытылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мектеп-лицей, мектеп-лицей-интернат, мамандандырылғын мектептер мен білімгерлер академиясын құру арқылы білімнің сапасын басқару жүйесі қалыптастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасай отырып.

Бұл бағытта әрбір аудан орталықтарында мектеп-лицей-интернат құру ұйымдастырылуда. Бұл білім беру ұйымдарында Сыр елінің дарындылары мен ғалымдары бірлесе жұмыс жасамақ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республика бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7 сыныптарында 2018-2019 оқу жылынан бастап әр аймақтың ерекшеліктеріне негізделген «Өлкетану» курсы оқытылатын болады.

Бүгінгі күні оқу жүктемесі 20 сағат көлемінде болатын аталған «Өлкетану» курсының үлгілік оқу бағдарламасы бекітілді.

«Өлкетану» курсының мақсаты - туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білім қалыптастыру; туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу болып табылады.

Облыс әкімінің қолдауымен бүгінгі күні «Өлкетану» курсының авторлар тобы жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оқу курсының мазмұны қыркүйек айында даярланып, «Білім» баспасына ұсынылды.

Елбасы елімізді модернизациялаудың сара жолын жариялады. Ол технологиялық ілгерілеу, рухани жаңғыру және экономикалық өркендеуге негізделген. Рухани жаңғыру жолында ұлт тәрбиесі басты басымды болып табылады. Міне, осы ұлт тәрбиесі мәселесінде ежелден сан алуан мәдениет пен өркениеттің тоғысы болған Сыр өлкесінің табиғаты пен тарихы, шаруашылығы мен саясаты, мәдениеті мен адамдардың тіршілік әрекетін қосып оқушыларға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану пәнінің орны ерекше.

Президенттің әр жылғы Жолдауларында білім саласына қатысты нақты атқарылар айқындалған. Ал «Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» еңбегінде де білім саласында орын алуы тиіс міндеттер нақтыланған. Ондағы 76-қадамда: ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту міндетімен бірге жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру тапсырылды.

Сондай-ақ осы құжаттың 77-қадамында: Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату туралы нақты тапсырма берілді. Бұл дегенініңіз нарық заманы тудырып отырған қажеттілік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT