Қызылордалық жастардың ерекше бейнеролигі көпшілікті сүйсінтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде қызылордалық жастардың өз оқу орны жайындағы ерекше бейнеролигі көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнероликте жастардың мамандық таңдауға байланысты көзқарасы ерекше көрініс тапқан. Қазіргі заманғы әуенмен әрленген бұл дүниеде олар өздерінің білім алып жүрген оқу орны мен мамандығы жөнінде кеңінен түсіндіруге тырысады. Сондықтан студенттер өздері еркін қабылдайтын әуен арқылы жастарды өздерінің білім алып жатқан оқу орнына келуге шақырады.


Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» институты жанында колледж бар. Онда жастардың бірнеше мамандық бойынша білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқу орнының басшылығы жылма-жыл бірінші курс студенттері арасында арнайы байқау өткізіледі.

«Біздің колледждің 19-0 тобы дайындаған бейнеролик көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Топтың кураторы - Тимур Мұстаяпов. Ол бейнероликте бірінші курс студенттерімен бірге ән орындап тұр. Ал идея авторы – гуманитарлық-техникалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі Ержан Кенжеев роликті түсіріп, оны монтаждап шықты. Әннің сөзін колледж оқытушысы Мөлдір Жақсылық жазды. Бейнеролик осы оқу орнында өткен сайыста үздік болып танылды», - деді «Ақмешіт» институты жанындағы колледждің бөлім басшысыАйнұр Бекенова.


Соңғы жаңалықтар