Қызылордалық жастар Ресей жоғары оқу орындарында білім алады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ресейдің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алған қызылордалық жастар енді туған жерде жұмыспен толық қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен 2014 жылдан бастап мектеп түлектерін мақсатты түрде үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіліп келеді. 2018 жылы 205 грант бөлініп, бүгінгі күні жалпы бөлінген грант саны 883-ке жеткізілді.

«2014 жылы Ресей Федерациясы гранты есебінен Ресейдің маңдайалды инженерлік оқу орындарына оқуға түскен түлектеріміздің алғашқы легі, яғни 75 студент өз дипломдарын алды. Қазір олардың дені оқуын жалғастыру мақсатында магистратураға тапсырып жатса, елге оралған 6-ауы тұрақты жұмысқа орналасты. Қалған түлектерді облыстың бірқатар кәсіпорындары жұмысқа қабылдауға дайын. Бірқатар түлектер мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне алынатын болады», - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы.

Соңғы жаңалықтар