+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қызылордалық жас өнертапқыш Яндекс компаниясынан шақырту алды

2019 жылғы 27 тамыз 18:49
Бөлісіңіз:
Қызылордалық жас өнертапқыш Яндекс компаниясынан шақырту алды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының тұрғыны, жас өнертапқыш Дастан Айтбай ресейлік Яндекс компаниясынан шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астрономдар комета фонындағы кішкентай Жерді түсіріп алды Қазақстан мен Қырғызстан зиялылары мен ғалымдарының бас қосуы аса қажет - Мәулен Әшімбаев Жасанды интеллект адамзатқа қауіпті – Vox

Дастан Айтбай көптеген инновациялық жобалар бойынша елге танылып келеді. Ол былтыр инновациялық құлаққап жасап шығарды. Қазір екінің бірі құлаққапты пайдаланады. Дегенмен ол қауіпсіздікті сақтау барысында көптеген қиындықтар тудырады. Дастан құлаққаптың ішіне қауіпсіздік сигналын орнатқан. Мәселен, көлік, жол-көлік, жедел жәрдем қызметтерінің сигналы естілгенде құлаққаптағы әуен автоматты түрде тоқтайды.

Сондай-ақ, Дастан вирусқа қарсы қорғаныс ретінде қолданылатын арнайы жобаны ойлап тапты . Оған «Кафка» бағдарламасы деген атау берілген. Оны вирусқа қарсы вирус деуге негіз бар. Жоба бойынша ол вирусты өз қақпанына түсіреді. Оған өзінің вирустарын жүктеп жібере алады. Нәтижесінде жіберілген вирус қайтадан бұрынғы «ұясына» барып, арқалап келген жүгі арқылы өзін-өзі жойып жібереді.

«Алдағы уақытта өз білімімді Ресей астанасы - Мәскеу қаласында жетілдіргім келеді. Бұл - үлкен тәжірибе алаңы. Мұндай ірі компаниямен бірге жұмыс жасау өзіме жасалған үлкен мүмкіндік деп санаймын», - деді Дастан Айтбай.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Ғылым,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT