Қызылордалық волейболшылар Қазақстан чемпионы болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 2005-2006 жылдары дүниеге келген қызылордалық волейболшылар жасөспірімдер арасындағы қысқы ел біріншілігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қысқы чемпионат Павлодар қаласында өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 16 команда қатысты. Аталмыш жарыс барысында Сыр өңірінің волейболшылары жоғары деңгейде ойын көрсете білді.

Қызылордалық өрендер былтыр да жазғы және күзгі ел біріншіліктерінде жеңімпаз атанған еді. Осылайша, олар қатарынан үш мәрте чемпиондық тұғырға көтеріліп отыр.

Сондай-ақ қызылордалық волейболшы Бекнұр Сайрамбек жарыстың үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, көктемгі ел біріншілігі Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында жалауын көтереді.

Соңғы жаңалықтар