Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 19 °С
Алматы: 28 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Қызылордалық волейболшылар халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

2017 жылғы 8 желтоқсан 04:30 1804
Бөлісіңіз:
Қызылордалық волейболшылар халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ресейдің Омск қаласында М.Л.Гуревичті еске алуға арналған мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында волейболды отырып ойнаудан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметтеріне қарағанда, жарысқа 5 команда қатысқан. Қызылордалықтар онда 1 орынды жеңіп алған. Сыр өңірінің волейболшылары финалдық ойында Омск командасын 3:1 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды - Омск, үшінші орынды Санкт-Петербург қалаларының командалары еншіледі.

Қызылорда облысының құрама командасының жеңімпаз атануына Жоғары спорт шеберлігі мектебінің волейболшылары Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Бейбіт Кейкиев, Асанәлі Жолдасбек, Дәурен Ахметов, Мұхтар Қамысбаев, Омар Тұрманов және Алмат Манабаевтар өз үлестерін қосты.

 

 


Басты сөздер: Қызылорда облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат