Қызылордалық ұстаз: Вакцинадан кейін көңіл-күйім жақсы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус вакцинасын егілген тұрғындар қатарында мұғалімдер саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде бүгінде вакцинаның екінші кезеңінде 1 200-ден астам педагог екпе салдырды. Оның ішінде аудандық, қалалық білім бөлім басшылары, директорлар және педагогтар бар.

Солардың бірі - Қызылорда қаласындағы №5 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі София Қожабекқызы Миянова.

«Әлемді жайлаған қатерлі індетке қарсы күрес - барша аздамзат алдындағы үлкен міндет. Бұған байланысты біздің елімізде де көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Десе де қауіпті дерттен құтылу әрбіріміздің жауапкершілігімізге байланысты. Срндықтан балалармен тікелей қарым-қатынаста болғандықтан вакцина салдыруға шешім қабылдадым. Сол мақсатта 5 наурыз күні ерікті түрде екпенің алғашқы дозасын салдырдым. Одан кейін ешқандай ауру-сырқау белгілері байқалған жоқ. Ал екінші екпені 26 наурызда алдым. Қазір көңіл-күйім жақсы. Халқымыз, балаларымыз аман болсын десек, барлығымыз вакцинаны қабылдаған жөн деп санаймын», - деді София Миянова.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорданың бас педагогы коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар