Қызылордалық үш тұрғын 22 қасқалдақ пен 68 үйректі атып алған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 22 қасқалдақ пен 68 үйректі атып алған үш адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Охотзоопром ӨБ» РМҚ Қызылорда өңірлік филиалы мекемесі және Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен рейдтік шара өткізді. Оның барысында ауданға қарасты Қаратерең ауылы маңында 46 жастағы азаматтың басқаруындағы «Нива» автокөлігі тоқтатылған.

«Тексеру барысында автокөлік ішінен 3 аңшы мылтығы, 22 қасқалдақ, 68 үйрек табылды. Жедел тергеу тобы ауданның 46, 52, 55 жастағы 3 тұрғынын ұстады. Барлық айғақты заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз аң аулау жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында есірткі егумен айналысқан қылмыстық топ басшылары қолға түскенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар