Қызылордалық таныстарын тақырға отырғызып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотында алаяқтық қылмысына жол берген жергілікті тұрғынға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бірнеше мәрте жұрттан алдап, ақша алған. Танысынан баласын жұмысқа тұрғызуға қол ұшын созамын деп ақша алған. Енді бірінен 733 мың теңге алса, ендігі бірінен 1 млн 684 мың теңге иемденген. Сондай-ақ, ендігі бірінен 300 мың теңге алса, тағы бірі оның қолына 600 мың теңге ұстатқан.  

«Басты сот талқылауында сотталушы А.-ның айыбы өзінің айыбын мойындап берген жауабымен бірге,  жәбірленушілердің жауаптарымен, істегі жинақталған басқа да құжаттармен толық дәлелденді», - деп жазылған аудандық соттың таратқан хабарламасында.

Қазалы аудандық сотының үкімімен сотталушы  А.  Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Оны екі жыл мерзімге бас  бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар