Қызылордалық студент компьютерлік вирусқа қарсы жоба ойлап тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық студент Дастан Айтбай вирусқа қарсы қорғаныс ретінде қолданылатын арнайы жобаны ойлап тапты. Бұл жоба облыс әкімдігінің қолдауымен ақпараттық технологияны дамыту мақсатында ашылған ІТ-паркінде көпшілікке кеңінен таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда интернетте вирус тарататын сілтемелер көп. Оларға қарсы антивирустар жасалады. Десе де көп ұзамай оны жойып жібере алатын өзгеше вирустар пайда болып жатады. Дастан өзі жасаған жүйесі вирусқа мықты тосқауыл болатынына сенімді. Бұл хакерлердің жемтігіне айнала қоймайтын жоба ретінде бағаланып отыр.
«Мен бұған «Кафка» бағдарламасы деген атау бердім. Оны вирусқа қарсы вирус деуге негіз бар. Жоба бойынша ол вирусты өз қақпанына түсіреді. Оған өзінің вирустарын жүктеп жібере алады. Нәтижесінде жіберілген вирус қайтадан бұрынғы «ұясына» барып, арқалап келген жүгі арқылы өзін-өзі жойып жібереді», - деді Дастан Айтбай.
Дастан Айтбай қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тәлім алады. Ол бұл еңбегімен республикалық байқауларға қатысып, жүлделі оралып қайтты. Ол аталмыш жобаның келешекте өз жемісін беретініне зор сеніммен қарайды.
- Қызылордада карантин талабын бұзған түнгі клуб басшысы жазаланды
- Футбол: «Қайсар» құрамына жаңадан ойыншылар қосылды
- Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды
- Ақмола облысында мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
-
Баспана мәселесі: Алматы қаласы бойынша өзекті сұрақтардың жауабы
-
Қызылордада коронавирус инфекциясын анықтайтын 3 зертхана іске қосылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам