Қызылордалық шөлмектен монша салып алды

None
None
ҚАРМАҚШЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағанбет ауылының тұрғыны Зәріп Мысабеков босаған шөлмекті өз қажетіне жаратып, монша салып алды. Оның бұл ісі жерлестерін таңғалдырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шебер моншаны салуға 7 мыңнан астам шөлмек жұмсаған екен. Олардың барлығын ерінбей-жалықпай бірнеше жыл бойы жинаған. Соның нәтижесінде алыстан менмұндалап тұратын нысанды жасап шықты.

«Бұл идея 35 жыл бұрын әскери борышын Беларусь елінде өтеп жүрген кезімде келді. Онда жергілікті тұрғынның үйінің айналасы шыны бөтелкеден жасалған қоршаумен қоршалғанын байқадым. Осыдан шыны бөтелкесінен монша салу идеясы туындады. Оны елге оралғаннан кейін жүзеге асырдым», - дейді Зәріп Мысабеков.

Алыстан қараған адам моншаны шөлмектен қалаған деп мүлдем ойламайды. Дегенмен, жақын келгенде оның өте ықтиятты түрде жасалғанына көзіңді анық жеткізуге болады.

Шебердің айтуынша, мұндай моншаның бір ерекшелігі - төбесінің мүлдем буланбайтыны. Сонымен қатар, жылу да жақсы сақталады.

Зәріп Мысабеков енді тағы да шөлмек жинап, ауылдан дүкен ашып алғысы келеді.

Соңғы жаңалықтар