Қызылордалық санитар Қызыл кітапқа енгізілген үкіні құтқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылордада санитар Қызыл кітапқа енгізілген үкіні құтқарып, табиғатты қорғаушыларға тапсырды. Бұл жайлы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды.

«Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының санитары Бақытгүл Қарғабаева өз жұмысының маңайынан ұша алмай қалған үкіні тауып алған. Ол бірден алғашқы көмекті көрсетіп, Қызылорда облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясына хабар берген», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.

Табиғатты қорғаушылар жедел ветеринарлармен бірге үкіні тексеріп, түз тағысының ешқандай зақым алмағанын анықтапты.

«Жай-күйін жақсарту үшін үкі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мекемесіне орналастырылды. Қызыл кітапқа енген үкі екені анықталды. Табиғатта саны аз», - деп атап өткен ол.


Қызыл кітапқа енген үкінің бұл түрі Еуразияның әр бұрышында тараған. Қазақстанның орталығында, шығысы, оңтүстік-шығысы мен Бетпақдаласында, Арал маңында, Маңғыстау пен Үстіртте кездеседі.

«Қазақстанда үкінің бұл түрі ұлттық киім тігу үшін ауланатын. Қыстың қаталдығы үкіге жайсыз тиеді. Осы себепті, құстың көбею мүмкіндігі де аз», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.



Соңғы жаңалықтар