Қызылордалық полицейлер екінші қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарды

None
Фото: Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында полицейлер екінші қабаттан құлағалы тұрған сәбидің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 28 сәуір сағат 11:40 шамасында Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.

Сол үйдің тұрғыны екінші қабаттан бүлдіршіннің балконнан құлағалы тұрғанын байқап қалған.

Дереу полицияға хабарласып, оқиға жайында баяндаған.

«​Оқиға орнына Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары Жандос Мәлік пен Азамат Мәмбеталиев жедел жетті. Нәтижесінде 4 жастағы бүлдіршінді құтқарып қалды. Бүлдіршінді облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір сәбидің денсаулығы қалыпты. Ол ата-анасына табыс етілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада мектепке бомба қойылғаны жөнінде жалған хабар түскен еді.


Соңғы жаңалықтар