+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Қызылордалық полицейлер 1000-ға жуық бұзушылықты анықтады

2020 жылғы 6 желтоқсан 02:47
Бөлісіңіз:
Қызылордалық полицейлер 1000-ға жуық бұзушылықты анықтады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер рейдтік шаралар барысында жыл басынан бері 1000-ға жуық әкімшілік-құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы учаскелік инспекторлармен бірге қылмыстың алдын-алу, құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейтуге назар аударып отыр. Жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыру барысында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Ол қылмыстың төмендеуіне оң әсерін тигізді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша 24 қорғау нұсқамасын бұзу, 84 отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер тіркелді. Бұл бойынша хаттама толтырылып, сот шешімі шықты. Сондай-ақ, қоғамдық орында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 915, алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін 246, белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша 220 азаматқа шара көрілді. Ал ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзудың 403 дерегі тіркелсе, 1188 азаматқа қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу жағдайы бойынша әкімшілік шара көрілді.

Сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша азаматтар ажуапқа тартылды. Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйінде жүргені үшін, жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу бойынша азаматтарға әкімшілік шара көрілді.

«Жергілікті полиция қызметіне заңнамаға сай құқықтық шараларды жүзеге асыру міндеттері мен зор жауапкершілік жүктелді. Қызылорда қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бүгінгі таңда 107 штаттық қызметкерден тұрады. Қала көлемінде 79 учаскелік полиция инспекторлары аймақта қызмет атқарады. Олардың 71-і қала аумағында болса, 8-і елді мекенде орналасқан», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылордада полицейлер экстремалды тренингке қатысты

https://www.inform.kz/kz/kyzylordada-policeyler-ekstremaldy-treningke-katysty_a3726600.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT