+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қызылордалық өртеніп жатқан үйден 2 баланы құтқарып қалды

2019 жылғы 4 қыркүйек 02:14
Бөлісіңіз:
Қызылордалық өртеніп жатқан үйден 2 баланы құтқарып қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордалық Нұрсұлу Паданова екі бүлдіршін қызды өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмешіт» шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде бүлдіршіндер ата-анасының бақылауынсыз қалған кезде үйден өрт шыққан.

Құтқарушылар жеткенше жанып жатқан пәтерден бүлдіршіндерді көршісі Нұрсұлу Паданова алып шыққан.

«Өзімнің пәтерімде ас бөлмесінде жүрген едім. Жоғары қабаттағы көрші пәтерден екі бүлдіршін қыздың құтқарыңдар деген дауысын құлағым шалды. Оқиға барысын байқасам, пәтер ішінен түтін шығып жатқаны аңғарылады. Ас бөлмесіндегі терезе арқылы жоғары қабатқа шығуға шешім қабылдадым. Орындық және басқа дүниелерді пайдаланып жоғары қабаттағы пәтерге жеттім. Алдымен Инаятты, одан кейін Нұрдананы құтқардым», - деді Нұрсұлу Паданова.

Нұрсұлу Паданова «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының» дефектолог-маман болып қызмет атқарады. Жолдасы екеуі төрт бала өсіріп отыр.

Аман қалған бүлдіршіндердің анасы Гүлхан Сейділдәқызы Нұрсұлуға алғыс білдірді.

Бұдан бұрын 3-қабаттан секірмек болған қызылордалық құтқарылғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT