Қызылордалық оқушылар Қорқыт ата кешеніне барды

None
None
ҚАРМАҚШЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының мектеп оқушылары Қорқыт ата мемориалына саяхат жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.

Қызылордалық жас өрендер «Киелі жерлердің географиясы» жобасы аясында Қармақшы ауданында орын тепкен Қорқыт Ата мемориалдық мұражайындағы құнды жәдігерлер мен кешен аумағындағы соққан желмен үндескен қобыз ескерткішін көзбен көрді. Олар қазақ мифологиясындағы Көк тәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символы саналатын қошқар мүсінін, көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған амфитеатрды тамашалады.

Сондай-ақ, түркі жұртының ортақ абызы Қорқыт Ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы ауқымды мәліметтер мен аңыз әңгімелерге қанық болды. Аудандық жыраулар үйінің өнерпаздарының өнерін тамашалады. Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы және «Қармақшы жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген викториналық ойындарға белсене қатысты.



Соңғы жаңалықтар