Қызылордалық оқушылар ертең онлайн оқиды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығынан 3 ақпанда мектеп оқушылары қашықтықтан оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері Қызылорда қаласында ауа-райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты қалалық білім бөлімі 3 ақпанда мектеп оқушылары қашықтықтан оқытылатынын хабарлады.

«Қалада ауа-райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 0-11 сынып оқушылары 3 ақпанда қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, Қызылорда қаласында күн бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда мен Түркістан облыстарында ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысы шектелді.


Соңғы жаңалықтар