Қызылордалық оқушылар Дубайда бас жүлде алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық оқушылар Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш конференция 11-14 наурыз аралығында өткізілді. Халықаралық шара барысында қызылордалық өрендер биология бағыты бойынша сынға түсті. Сыр өңірінен Дана Айдарбек, Аймерей Байғабылова, Афрасняб Кобдиков, Шахризада Ақмұрат өз жобаларын таныстырды. Нәтижесінде Дана Айдарбек пен Аймерей Байғабылова бас жүлдеге лайықты деп танылды.

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұған дейін қызылордалық өрендер «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыууымен өткен конференцияның республикалық кезеңіне қатысып, халықаралық конференцияға жолдама алған болатын. Осылайша оқушылар мен ұстаздардың ізденістері өз нәтижесін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар