Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап тапты

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық оқушы Роза Садық математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты талабына сай жас автор Роза Садық пен жетекшісі Ғабиден Төлебайұлына куәлік берілді. Аталмыш кесте «Роза - өлшем бірліктер кестесі» деп ресми аталды.

Жас өнертапқыш Қызылорда қаласындағы №5 мектеп-лицейінде білім алады. Бұл жаңалық «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінде үздік деп танылды. Аталмыш байқауда оған гран-при берілді.

«Жобаның басты жаңалығы - математикалық өлшем бірліктермен жұмыс жасаудың әдістемелік кестесін есептер шығару барысында қолдану болып табылады. Математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін бұл жаңа кесте бүгінде білім беру ұйымдарында сабақ процесінде қолданылып келеді», - деді жетекшісі Ғабиден Төлебайұлы.

Айта кетсек, білім бәсекесінде қызылордалық оқушының еңбегі 600-ге жуық қатысушының арасынан озық шықты.


Соңғы жаңалықтар