Қызылордалық оқушы Ресейдегі ән байқауында Бас жүлде алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Қазалы ауданында тұратын жас әнші Мадияр Серік халықаралық байқаудың жеңімпазы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол Ресейдің Туапсе қаласында биыл 25-ші мәрте өткізілген «Хрустальная магнолия» фестиваль-конкурсында бақ сынады. Қара теңіздің жағалауындағы балалар шығармашылығына арналған байрақты бәсекеде ән орындаған Мадияр Серік Гран-при жеңіп алды.

Мадияр Серік Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепте оқиды. Ол бұған дейін Болгарияда өткен «Star of the world» атты халықаралық байқауда гран-при мен үш алтын медаль иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар