Қызылордалық оқушы күріш өнімділігін арттыратын ғылыми-жоба әзірледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жас өнертапқышы Нұржанбек Құрманбек күріштің өсімін бес есе арттыратын ғылыми-жобаны ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нұржанбек Құрманбек Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сыныбында оқиды. Ол жаңа жобаны мектеп зертханасында сынақтап өткізіп көрді. Онда «фитоп тыңайтқышы» деп аталатын биологиялық препарат қолданылды. Аталмыш тыңайтқыш күріш дақылының өсуіне оң әсер етеді. Тәжірибе нәтижесінде тыңайтқыш күріштің өсуін 5 есеге және өнімділігін 3-4 пайызға арттыратыны анықталды.
«Бұл препаратты пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді. Сондай-ақ, ол Сыр өңірінің климаттық жағдайына да қолайлы», - деді Нұржанбек Құрманбек.
Жақында ол Алматыда өткен республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, үшінші орынға ие болды. Сайыс барысында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басқа да оқушылары жүлделі орындарға қол жеткізді. Атап айтқанда, Арайлым Өмірбекқызы «Этномәдениеттану» секциясында жоба қорғап, І орынға табан тіреді. Ал Владимир Усольцевтің «C#» бағдарламалау тілінде ландшафт генераторы екінші орын алды. Сондай-ақ 11-сынып оқушысы Бақнұр Амангелдінің түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің өмірі мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесін зерттеу нәтижесі үшінші орынға лайықты деп танылды.
- Қызылордада 30 жастағы жігіт былтырдан бері табылмай жатыр
- Қызылордада әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің 524 маманы вакцина салдырды
- Қызылордада Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді
- Қазақстандық вакцина: Клиникалық зерттеулер, ғалымдардың жалақысы және жануарлар вакцинасы
-
Отандық вакцина не себепті Түркияда құйылуы мүмкін
-
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдардың жалақысы көтеріліп, баспана беріледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам