Қызылордалық компания 370 млн теңгеге жалған шот-фактура жазып берген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірнеше заңды тұлғамен заңсыз мәміле жасап, нақты орындалмаған жұмыс үшін 2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактура жазумен айналысқан «Жетіашар» ЖШС-нің әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания бірнеше кәсіпкерлік нысанға салықтан жалтару мақсатында әртүрлі тауарларға есеп айырысқаны жөнінде қосымша құн салығы көрсетілген жалған шот-фактура жазып берген.

Оның айналым сомасы 370 млн теңгеге жеткен.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекетке төленбеген салық түрінде 118 млн теңге көлемінде залал келгенін көрсетті.

Сот үкімімен серіктестік басшысы Избасар Айбек кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Видеодан алынған кадр



Соңғы жаңалықтар