Қызылордалық әйел мемлекеттен пәтер әперемін деп 19 адамды алдаған
2022 жылғы 1 шілде 04:30

Қызылордалық әйел мемлекеттен пәтер әперемін деп 19 адамды алдаған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беретінін айтып, 19 адамды алдап кеткен азаматша ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы полиция басқармасына облыс орталығының 19 тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды.

Арызда көрсетілгеніндей, өткен жылдан бері бір азаматша сенімдеріне кіріп, мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін деп уәде еткен.

Салдарынан ол жәбірленуші тұрғындарға 20 млн теңгеден астам шығын келтірген.

«Полиция қызметкерлері тексеру жұмысын жүргізді. Күдікті ретінде 32 жастағы азаматша ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1,3,4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция депараментінен.

Ведомство мәліметінше, облыс орталығында алаяқтық оқиғалары жиілеп барады. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында 322 алаяқтық дерегі тіркелген.

Еске салсақ, бұдан бұрын халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық Қарағандыда ұсталды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT