Қызылордаға соңғы аптада 200 оттегі концентраторы жеткізілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында соңғы аптада 200 оттегі концентраторы алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста эпидемиологиялық ахуал күрделенген кезде кислородты баллондарды, жасанды өкпе желдеткіш аппараты, оттегі концентраторын пайдалану саны күрт артқан болатын. Ал бүгінгі таңда оған қажеттілік азайып отыр. Күні кеше «Шұғыла» қайырымдылық қоры есебінен 200 оттегі концентраторы аймағымызға жеткізілді. Аталған құрал-жабдықтар медициналық мекемелерге таратылды. Аталған құрылғының саны 353 жабдықты құрады», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазилов.

Оның айтуынша, облыста науқастарға арналған 2 405 орын бар. Оның 645-і инфекциялық төсек орын болса, 1 760-ы провизорлық.

«Бүгінгі күні инфекциялық стационарда 263 науқас, провизорлық стационарда 573 азамат ем алуда. Жүктеме инфекциялық стационарда 41 пайызды құраса, провизорлық стационарда 33 пайыз. Сондай-ақ, провизорлық төсектерге сұраныстың азаюына байланысты Теміржол ауруханасындағы 40 төсек пен тері-венерологиялық диспансеріндегі 60 төсек орын өзінің жұмысын тоқтатты. Тамыз айының басынан бастап жоспарлы түрде ауруханаларға жату жұмыстары да кезең-кезеңімен іске асырылады», - деді басқарма басшысы.



Соңғы жаңалықтар