+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылордаға өкпені жасанды желдету аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен келісім жасалды

2020 жылғы 14 шілде 15:30
Бөлісіңіз:
Қызылордаға өкпені жасанды желдету аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен келісім жасалды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордаға өкпені жасанды желдету аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасымен өңірді қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Республикалық бюджет есебінен өкпені жасанды желдетуге арналған 68 аппаратқа қосымша тапсырыс берілді.

Сонымен бірге, жақын күндері демеушілік көмек ретінде Түркия мемлекетінен 10 ӨЖЖ аппараты ауруханаларға жеткізілетін болса, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы тарапынан Байқоңыр қаласындағы ауруханаға 1 аппарат әкелінетін болды.

Облыс ауруханаларында бүгін жұмыс істеп тұрған өкпені жасанды желдету аппараттарының саны - 64. Оның 29-ы — қалада, 25 аппарат - аудандық ауруханаларда орналасқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT