Қызылордадағы медицина мекемелерінен 6 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 6 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара есірткіге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталды. Бұл орайда, Қызылорда облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нақты іс-шараларды жүзеге асырды. Онда 38 дәріхана және денсаулық сақтау саласындағы 37 мекеме тексерілді.

Аталған іс-шара барысында 20 құқық бұзушылық дерегі анықталған. Оның ішінде 6-уы қылмыстық, 14-і әкімшілік құқық бұзушылық. Атап айтқанда, олардың 1-еуі есірткі, 3-еуі психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидасын бұзу, 3-еуі есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау құрайды. Сондай-ақ, есірткі өткізу, фармацевтикалық қызмет қағидасын бұзу, есірткі айналымы саласындағы объектілердің техникалық нығайту талаптарын бұзу, лицензия талабын бұзу, заңсыз фармацевтикалық қызмет деректері анықталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жыл басынан бері есірткімен байланысты 149 қылмыс анықталған .



Соңғы жаңалықтар