Қызылордадағы Қызылөзек ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылордадағы Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылына ауыз су жүйесі тартылды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл ақсақалдарымен кездесіп, қос қуаныштары: ауыз судың іске қосылуымен және алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ауылдықтардың өзекті мәселелерін тыңдады, оларды шешу бағытында қабылданып жатқан шараларды баян етті.

Қараөзек ауылында 2000-нан астам тұрғын тұрады. Қараөзектіктер үшін ауыз су мәселесі бүгінгі күнге дейін аса өзекті болып келді. Қараөзекте 1984 жылы жүргізілген су жүйелері бүгінде тозған. Судың дұрыс ақпай, ал қыс мезгілінде құбырлардың жиі жарылуы тұрғындарға қиындық тудырып келген болатын. Міне ауыз су жүйесі әр үйге жеткізіліп, су есептегіш құралдарына дейін орнатылды.

Жалпы, биыл қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуға 1 млрд. 315 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 12 мың отбасы қоныстанған 7 тұрғын ауданда 70,8 шақырым ауыз су, 1,1 шақырым электр желілері тартылып, 4 аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік жүйелері, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млрд. 984 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 13 шақырым ауыз су және 4,6 шақырым кәріз су жүйелері қайта жаңғыртылды, сонымен қатар 16 су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланды.

Сондай-ақ, бюджеттен бөлінген 318 млн.теңгеге қалаға қарасты Тасбөгет, Белкөл кенті мен Қызылөзек ауылдық округінде 32,9 шақырым ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, 641 отбасына су есептегіш құралдары орнатылды.

Соңғы жаңалықтар