Қызылордадағы газ жарылысы: Көз жұмған 4 адамның кімдер екені белгілі болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жеке тұрғын үйде газ жарылуы салдарынан қаза болған тұрғындардың кімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін, 15 наурызда сағат 13:30-да Жосалы кентіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйде көлемі 27 литр газ баллоны жарылып, үй қирады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының күшімен үйінді астынан 4 адамның мәйіті табылды. Олардың біреуі - 1981 жылы дүниеге келген үй иесі. Сондай-ақ, үй иесінің 2000 жылғы сіңлісі мен 1999 жылғы туысы, 2001 жылғы көршісі оқиға орнында көз жұмған.

«Өрт сөндіру мамандары келгенге дейін көршілер үйден 1950 жылғы көршісін шығарып, ауруханаға жеткізген. Өрт 15:17-де толық сөндірілді. Өрт алаңы 144 шаршы метрді құрады. Ал құлау алаңы 46 шаршы метр.

Сағат 17:05-те үйдің құлаған құрылымдарын талдау жұмыстары аяқталды. Өрт болған жерге тексеру жүргізілуде. Оқиғаның себебі анықталуда. Оқиға орнына Қызылорда қаласынан өрт сынақ зертханасы келді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.


Соңғы жаңалықтар