+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қызылордадағы ауылда 100-інші сайлаушыға сыйлық табысталды

2021 жылғы 25 шілде 15:41
Бөлісіңіз:
Қызылордадағы ауылда 100-інші сайлаушыға сыйлық табысталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылдық округінде 2 адам әкім сайлауына түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қарақұм - облыстағы ең шалғай ауылдардың бірі. Жергілікті тұрғындар маңызды шараға белсене қатысуда. Олардың басым көпшілігі сайлау учаскесіне келіп үлгерді.

Елді мекенде Рәсима Ізбасарова ең жас сайлаушы ретінде тіркелген. Ол бүгін сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады.

«Мен өз туған ауылымның келешегі кемел болғанын қалаймын. Тұңғыш рет қатысқан сайлауымда туған өзім сенім білдірген адамға қолдау көрсеттім. Сайланған әкім ауылды өркендету үшін жұмыс жасайтынына сенемін»- дейді ол.

Ал сайлау учаскесінде 100-інші болып дауыс берген ауыл тұрғынына сыйлық табысталды. Мұндай құрметке Марал Нұржанова ие болды.

«Бүгінгі науқанның ауыл халқы үшін мәні зор. Себебі тұрғындар ауыл әкімін өздері таңдады. Науқанда жүзінші тұрғын ретінде сайлау учаскесі тарапынан сыйлық берілгені күтпеген жағдай болды. Ауылымыздың гүлдене беруіне тілектеспін», - деді ол.

Өңірде 40 сайлау округінде ауыл әкімі сайлау өткізілуде. Онда барлығы 122 адам үміткер ретінде тіркелген. Оның ішінде саяси партиялардан - 47 адам түссе, 75 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.

Облыс бойынша орташа бәсекелестік 3 адамнан болып тұр. Ал 6 округте - 2, 28 - 3, 5 округте 4, 1 округте – 6 кандидаттан тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT