+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қызылордадағы Абай ауылында Абай шығармашылығы насихатталды

2020 жылғы 11 ақпан 20:00
Бөлісіңіз:
Қызылордадағы Абай ауылында Абай шығармашылығы насихатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық филармониясы қазақтың көрнекті тұлғасы Абайдың 175 жылдығына орай ауылдарда мәдени іс-шаралар өткіузді қолға алды.

Ұқсас жаңалықтар
Өнер адамдары онлайн концерт беріп, дәріс өткізуде «Карантиндегі жұлдыз» жобасы өнер адамдары халықпен бірге екендігін дәлелдеді - Жеңіс Сейдуллаұлы Сәкен Майғазиев онлайн-концерт береді

Осы орайда Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылында «Абайдың ән әлемі» атты концерт өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концертке облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі және жеке орындаушылары қатысты. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» , «Желсіз түнде жарық ай» сынды халыққа кеңінен таралған әндерін көрермен бірге шырқалды. Жырау Әділхан Қуаңбаев «Абайға арнау» толғауын алғаш рет көрерменнің назарына ұсынды. Осы концертте Абай өлеңдерін №138 Абай атындағы орта мектеп оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыды.


Сондай-ақ, осындай шара облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында өтті. Онда Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығы кеңінен насихатталды. Ел алдында «Мәдениет қайраткері» Ү.Медеуова және Мәдениет саласының үздігі, жырау М.Сәрсенбаева өнер көрсетті.

Бұдан бұрын Қызылордада Абайдың 175 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтетінін хабарлаған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT