+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қызылордада жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд. теңгенің өнімін өндірді

2021 жылғы 15 қазан 14:25
Бөлісіңіз:
Қызылордада жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд. теңгенің өнімін өндірді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд. теңгенің өнімін өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жылжымайтын мүлікті сатқанда салық сомасы қалай анықталады Батыс Қазақстанда 464 млрд теңгеге сегіз жаңа жоба іске қосылды Қызылордадағы үш демалыс орнында келушілерге жезөкшелер қызметін ұсынған

Өнеркәсіп өндірісінде өсім өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 5,3, тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсету 13,6, өңдеу өнеркәсібі 12,6%-ға артты.

«Мұндай оң өзгерістер жеңіл өнеркәсіп, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді, тамақ өнімдерін өндіру, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату, жиһаз өндіру салаларында байқалды. Сондай-ақ, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдарды жасау салаларында да көрініс берді. Нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінде өсім 12,6%-ға артты. Ол 123,8 млрд. теңгені құрады», - деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.

Ведомстов мәліметінше, жыл басынан бері өңір экономикасына 186,4 млрд. теңге инвестиция салынған. Аймақта 63,1 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалып, 502,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 120 млрд. теңгеге жетті.

Еске салсақ, Қызылорда облысында шыны зауытының құрылысы биыл аяқталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT