Қызылордада жыл басынан бері 87 той тоқтатылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында мониторинг топ мүшелері жыл басынан бері 87 тойды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында құрылған мониторингтік топ құрамына қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция испекторлары енгізілген.

Мониторинг топ мүшелері күнделікті сауда нысандары, ойын-сауық орындары, ресторандар мен кафелерде түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Топ құрамына басқарманың 16 учаскелік полиция инспекторлары бекітілген.

«Жыл басынан карантин талаптарына байланысты 5710-нан астам нысандар араланды. Оның ішінде тәртіпті сақтамаған 306 құқық бұзушылық анықталған. Олардың 87-і той болса, қалғаны -жекелеген нысандар. Анықталған кемшіліктерге байланысты оған жол берген азаматтарды жауапкершілікке тарту мақсатында құжаттар санитарлық-эпидемиологиялық департаментіне жолданып, олардың 159-на шара көрілді», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 12609 адам коронавирус жұқтырды

Еске салсақ, Қызылорда облысында жыл басынан бері 12609 адам коронавирус жұқтырды .


Соңғы жаңалықтар