Қызылордада жыл басынан бері 4662 адам коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 4662 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жыл басынан бері 4662 адам коронавирус жұқтырды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 есеге ұлғайған.

2020 жылғы наурыз айынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырудың 24094 жағдайы тіркелді. Науқастардың басым көпшілігі (65 пайызы) клиникалық (15746 адам) белгісімен анықталған. Олардың 14 пайызы 2020 жылы (3392 адам) есепке алынса, 67 пайызы (16042 адам) 2021 жылы анықталды.

«Биылғы оқу жылы басталғалы облыс бойынша 8226 коронавирус жұқтыру тіркелген. Олардың арасында 733 мектеп оқушысы бар. Бұл шамамен науқастардың 9 пайызын құрайды. Облыс бойынша 305 мектептің 133-інде коронавирус жұқтыру жағдайы кездесті. Ауруға шалдыққан 733 мектеп оқушысының 53 пайызы оффлайн режимде білім алған. Карантинге жабылған сыныптар саны - 305. Олардың 26-ы үшінші тоқсанда жабылған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 60 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды.


Соңғы жаңалықтар