Қызылордада жыл басынан бері 35 карантин талабын сақтамау фактісі анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері карантин шектеуін сақтамауға қатысты 335 оқиға анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері мониторинг тобы мүшелері 10 мыңнан астам нысанға рейд жүргізді. Нәтижесінде 335 карантин талабын сақтамау фактісі анықталды. Оның ішінде 158 жағдай халыққа қызмет көрсету нысандарында тіркелсе, үйде 125 мерекелік-көпшілік іс-шара ұйымдастырылған. Ал ұжымдарда 52 карантин талабы бұзылған.

«Тұрғындардан барлық сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз. Дегенмен кейбір келеңсіздік әлі де кездеседі. Өткен жылдан бері өңірде 7 082 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 51,5 пайызында клиникалық белгісі байқалса, 48,5 пайызы симптомсыз түрі», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Қызылорда облысы «сары» аймаққа өтті. Өткен тәулікте коронавирус індетін 28 адам жұқтырды. Еске салсақ, Қызылордада бір күнде 4 мыңға жуық адам вакцина салдырды.


Соңғы жаңалықтар