Қызылордада жыл басынан бері 24 адамнан АИТВ вирусы анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 24 адамнан АИТВ (Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) вирусы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 8 айында облыста жыл басынан бері 24 адамнан АИТВ вирусы анықталды. Инфекцияны жұқтырған 24 адамның 6-уы әйел болса, 18-і ер адам. Науқастардың 14-і қала тұрғыны болса, қалғаны аудандардан. Атап айтқанда, Жаңақорған, Қазалы, Шиелі аудандарында 2, Жалағаш, Арал, Қармақшы аудандарынан 1 адамнан аталған вирус белгілері табылған. Ал Байқоңыр қаласынан 1 азаматтың ауруды жұқтырғаны анықталды. Ауру жұқтырушылардың көбі 30-40 жас шамасындағы азаматтар.

«Аурудың көбеюінің негізгі себебі биыл тестілеу саны 23,6 пайызға артты. Тестілеу саны көбейген сайын жұқтырушылардың көбею мүмкіндігі жоғарылайды. Облыс бойынша барлығы 4000-ға жуық жүкті әйелдің жыныстық серіктестері тексеріліп, олардың арасынан 3 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, аталған инфекцияны жұқтырған 2 жүкті әйел босанып, олардың нәрестелері антиретровирусты еммен қамтылды»,- деді ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Қанат Шушаев.


Соңғы жаңалықтар