+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қызылордада жыл басынан бері 15 адам суға батып кетті

2021 жылғы 4 маусым 07:33
Бөлісіңіз:
Қызылордада жыл басынан бері 15 адам суға батып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 15 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды Қызылорда облысында суды үнемдеу технологиясына мән беріледі Қызылорда облысында әлеуметтік дүкендер саны 34-ке жетті

Айта кетейік, жыл басынан бері су айдындарында 15 адам қаза болған. Олардың арасында 9-ы кәмелет жасқа толмағандар. Былтыр дәл осы кезеңде 12 адам көз жұмса, олардың 4-і бала болатын. Ал былтыр жыл бойына жергілікті тұрғындар 39 жақын адамынан айырылды (олардың 11-і бала ).

«Биыл аталған жағдайда қаза болған азаматтардың 3 (2-і кәмелетке толмаған) суға шомылу уақытында (2-і кәмелетке толмаған) қаза тапты. Ал 2-і балық аулау кезінде, 1-і қайықтан құлады, 9-ы жазатайым оқиға (оның ішінде 7-і кәмелетке толмаған) салдарынан өмірден өтті», - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин.

Оның айтуынша, негізгі себептері ретінде балық аулау кезіндегі абайсыздық, су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтамау және балаларды ата-аналарының қарауынсыз қалдыру секілді жағдайларды атап өтуге болады.

«Қауіпсіздік шарасына мән бермейтіндер азаймай отыр. Өкінішке қарай, оның соңы қайғылы жағдаймен де аяқталып жатады. Суға кету фактілері, негізінен, мас күйінде шомылу, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдыру және қауіпті немесе тыйым салынған аумақта суға шомылудың салдарынан болады. Сондықтан абай болыңыздар. Балаларды көзден таса жібермеңіздер», - деді басқарма басшысы.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі бала Сырдарияға батып кетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT